Алматы әкімдігі қазақ тілін үйрену үшін чат-бот әзірледі, алайда ол ЖСН талап етеді

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Қазақ тілін үйренуге арналған Telegram-ботқа 3 мыңнан аса адам тіркелген / Фото: .gov.kz

Алматы облысында қазақ тілін үйренуге арналған «TilOquBot» Telegram-боты іске қосылды. Облыс әкімдігінің хабарлауынша, бұл ботқа қазірдің өзінде үш мыңнан астам қазақстандық тіркеліп үлгерген. Telegram-боттағы қызметке қол жеткізу үшін тұтынушы ЖСНнөмірін енгізу қажет. Kursiv.media тілшісі басылымы тіркеуден өтіп,  арнаның қаншалықты жұмыс жасап тұрғанына көз жеткізіп көрді.

Telegram желісінде дәл осындай атаумен үш бірдей чат-бот бар болып шықты. Алайда оның екеуі жұмыс жасамайтынына көз жеткіздік.  Тіркелу барысында чат-бот пайдаланушының аты-жөнін, жасын, қаласын, жұмыс орнын және қызметін, сондай-ақ ЖСН-ін сұрайды. Қазақстанда жеке деректерді енгізуді талап ететін алаяқтық схемалар көбейіп кеткенін ескерсек,  ЖСН-ді сұрауы алаңдаушылық туғызады.

Фото: Telegram-бот парақшасынан скриншот

Чат-ботқа өтініш берушінің жеке деректері не үшін қажет екені түсініксіз. Десе де ЖСН нөмірін жазбай, басқа сәйкес сандарды теру арқылы да тіркеуден өтуге болатынын аңғардық . ЖСН нөмірңіз дұрыс болмаса да, чат-бот тіркеуден өткізе береді.

Алматы облысы Тілдерді дамыту басқармасының мәліметінше, чат-бот құрамында қазақ тілін меңгерудің төрт деңгейін қамтитын 100 сағаттық оқу бағдарламасы мен іс жүргізу курстары бар.

Фото: Telegram-бот парақшасынан скриншот

«Қазіргі бұл чат-ботқа  3 146 адам тіркелген, олардың 58 пайызы облыстың шалғай аудандарында тұрады» ,– делінген хабарламада.

 Аталған чат-ботты әзірлеуге қанша қаражат жұмсалғаны белгісіз.

Сондай-ақ оқыңыз