Ұлттық киіммен пилонда би билеген қыз жұрттың ашуын тудырды

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Қазақы көйлекпен пилонда билеген қыздың әрекетін сынға алды / Фото: видеодан скриншот

Қазақы көйлекпен, пилонда би билеген бойжеткен желіде қызу талқыға түсіп, көпшіліктің сынына ұшырады. Бейнежазбаны Instagram парақшасында блогер Рустем Баязиев жариялады.

Блогер қызды бұл әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті.

 «Мынау не? Қазақтың ұлттық киімімен билеген стриптиз ба? Мына биді қалай айтады? Ұлттық құндылығымызды қорлағаны үшін қылмыстық іс ашу керек», — деп жазды Баязиев.

Желі пайдаланушылардың пікірлері де екіге бөлінді. Кейбіреулері қыздың әрекетіне ұлттық мәдениетті құрметтемеу деп баға берсе, кейбірі  мұны дәстүрлерге заманауи көзқараспен қарау деп санайды.

Сондай-ақ оқыңыз