Мемлекетке олигархтардан 610 млрд теңге қайтарылды. Ол қайда жұмсалады

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің аға тілшісі
Олигархтардан тағы да заңсыз жолмен иемденген активтерін қайтару көзделіп отыр / Фото: kursiv.media архиві

Үкімет олигархтардың заңсыз жолмен иемденген тағы 10,5 млрд доллар және 84 млрд теңге активтерін мемлекет меншігіне қайтармақшы.

Премьер-министр Олжас Бектенов Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді.

Мәліметке сәйкес, шамамен 610 млрд теңгенің активтері, атап айтқанда, 506 млрд теңге көлемінде ақшалай қаражат, сондай-ақ құны 103 млрд теңгеден астам мүлік қайтарылған.

Комиссия заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке ерікті түрде қайтару туралы бірқатар келісім жасауды мақұлдады. Арнаулы мемлекеттік қорға қосымша 150 млрд теңге бағытталады. Сонымен қатар «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң субъектілері Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция салу бойынша міндеттеме алды. Бұдан бөлек, комиссия аталған заң аясында сотқа 84 млрд теңгеден астам сомаға активтерді мемлекет кірісіне өндіру туралы талап-арыздар енгізуді қолдады»,- делінген хабарламда.

Мемлекет меншігіне өткен активтер есебіне білім беру, денсаулық сақтау, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы 280 әлеуметтік нысанды жүзеге асыруға және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға қаражат бөлінген.

Жуырда ел үкіметі Түркістан облысындағы ауыл тұрғындарын сумен қамтамасыз етуге 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінгенін хабарлады. Үкімет аталған бағытқа жұмсалатын қаржыны заңсыз иемденілген активтер есебінен алмақ.

Сондай-ақ оқыңыз