Черногория соты Дина Таңсәріні Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартты

NeMolchi.kz қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі Черногориядан Қазақстанға экстрадицияланбайтын болды. Бұл туралы қордың Instagram парақшасында хабарланды.
Қордың мәліметінше, Черногория соты оны Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартқан.
«Жаңа жаңалығымыз бар. Динаны Черногориядан экстрадицияламайды» делінген жазбада.
Кеше тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшрағандарға көмек көрсететін NeMolchi.kz қорының жетекшісі Дина Тансарі Черногорияда қамауға алынғаны туралы ақпарат шықты. Оны Подгорица қаласының полициясына жеткізіп, сот өткенге дейін уақытша ұстау изоляторына жапқан. Қор сот 15 сәуірде өтіп, оның экстрадиция мәселесі қаралатынын жазған.
Бұған дейін, прокуратура Дина Таңсәрінің қай екені анықталса, ол елге экстрадициялау құжаттарын жіберетінін мәлімдеген.
Ішкі істер министрлігі 2023 жылдың желтоқсан айында Дина Тәңсәріге іздеу жариялады. Құзырлы орган мәдіметінше, қор басшысына қатысты 6 факт бойынша қылмыстық іс қозғалған.