
Үкіметтегі баспасөз мәслихатында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов өздеріне бағынышты ведомство қызметкерлері қандай көлікпен жүретінін айтып берді.
Ерлан Нысанбаев өзінде, вице-министрлер мен комитет төрағаларында бір-бір көлік бар екенін атап өтті.
«Мен, төрт орынбасарым, екі комитет болса, 7 машина шығады. Басқа көлік жоқ бізде», – деді ол.
Ал Нұржан Нұржігітов министрлікте қызметтік көлік жоқ екенін, қызметкерлер жұмыс бабымен президент әкімшілігіне қарасты арнайы басқарма тарапынан бөлінген көліктермен қатынап, солардың қызметін пайдаланатынын айтты. Оның сөзінше, ол көліктердің барлығы Қазақстанда жасалған.
Бұған дейін, Шу ауданы әкімдігі 26 млн теңгеге көлік алғалы жатқанын жазғанбыз.
Сондай-ақ Назарбаев мінген Mercedes Benz көлігі тағы да сатылымға шыққан болатын.