«Наурыз» бағдарламасымен алғашқы заем берілді: Жоғары ұпайды қалай жинауға болады

«Наурыз» бағдарламасы бойынша алғашқы несиені ресімдеген салымшы белгілі болды. Ол Батыс Қазақстан облысының 26 жастағы тұрғыны Бексұлтан Қазиуллин. Жедел медициналық жәрдем станциясында фельдшер болып істейтін тұрғын Оралда бастапқы нарықтан онлайн-ипотека арқылы пәтер сатып алған. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгінгі таңда банк «Наурыз» бағдарламасы бойынша барлығы 1 047 кредиттік өтінімді мақұлдаған. Бағдарлама қатысушыларының 36%-ы несиелік өтінімді қашықтан беру арнасын пайдаланған.
Наурыз бағдарламасына 34 745 өтінім келіп түсіп, оның 12 мыңы тізімге енген. Биылғы жылы ең төменгі балл 104,78, ең жоғары балл 1421,29 болды.
Ең көп ұпайды Алматы тұрғыны Дилярам Амитахунова иеленген. Ол 2013 жылы студент болып тұрғанда депозит оны содан бері толтырып келген.
Ұпай қалай есептеледі
– салым бойынша сыйақы мөлшері – әрбір 1 000 теңге үшін 1 ұпай;
– тіркелген некенің болуы – 5 ұпай;
– балалардың болуы – 10 ұпай (балалар санына қарамастан);
– халықтың әлеуметтік осал топтары (ХӘОТ) мәртебесінің болуы – 10 ұпай;
– 35 жасқа дейінгі жас (қоса алғанда) – 5 ұпай.
Мысалы, 1000 балл жинау үшін салым бойынша сыйақы түрінде Отбасы банкіндегі депозитте 1 млн теңге жинау қажет. Яғни депозитте 1 млн теңге көлемінде сыйақы жинақтау үшін кемінде 5 жыл ішінде 10 миллион теңге жоспарлы түрде жинақтау қажет.
2026 жылы «Наурыз» бағдарламасына өту мүмкіндігін қалай арттыруға болады? Отбасы банк кеңестері:
1. «Отбасылық пакет» аясында үнемдеңіз. Бұл кезде бүкіл отбасы үй сатып алуға қаражат жинайды. Яғни, отбасының әрбір мүшесі өзіне депозит ашады, оны жоспарлы түрде толықтырады, ал өтінім берер алдында шоттар бір депозитке біріктіріледі.
2. Депозитті үнемі толтыру маңызды! Оны бір ай ішінде бірнеше рет толтыруға тырысыңыз, қаржылық мүмкіндік пайда болған сайын, бір ай ішінде бір реттік толықтырумен шектелмеңіз.
3. Депозитті зейнетақы профицитімен толықтырыңыз. Зейнетақы шотының жай-күйін мезгіл-мезгіл тексеріп отырыңыз. Шотта жеткіліктілік шегінен жоғары сома болуы мүмкін. Оны депозитті толықтыруға бағыттауға болады.
Наурыз бағдарламасына өтініш берушілер мен тұрғын үй бағдарламасына қатысушылардың толық тізімі банктің ресми сайтында жарияланған.
Бұған дейін банк басшысы «Наурыз» бағдарламасымен аз жарна төлеп пәтер алуға болатынын мәлімдеген.