15 сәуір әлемде және Қазақстанда қандай күн

15 сәуір – әлемде де, Қазақстанда да түрлі тарихи оқиғалармен, атаулы даталармен ерекшеленеді.
Әлемде 15 сәуір қандай күн?
Титаник апатының күні (1912)
Әлем тарихындағы ең ірі теңіз апаттарының бірі — Титаник кемесі 1912 жылдың 15 сәуірінде Атлант мұхитында айсбергке соғылып, суға батқан. Бұл апат кезінде 1500-ден астам адам қаза тапқан. Бүгінгі күнге дейін бұл оқиға әдебиетте, кинода, зерттеулерде кеңінен сипатталып келеді.
Салық күні (Tax Day) – АҚШ
АҚШ-та 15 сәуір – жыл сайынғы жеке тұлғалардың табыс салығын тапсыру мерзімінің соңғы күні ретінде белгіленген. Бұл күн америкалықтар үшін аса маңызды қаржылық кезеңнің аяқталуын білдіреді.
Әлемдік өнер мен мәдениетке қатысты оқиғалар
1452 жылы дәл осы күні атақты суретші, ғалым Леонардо да Винчи дүниеге келген. Да Винчидің «Мона Лиза» картинасы мен «Ұлы анатомиялық суреттері» бүкіл адамзат мұрасында маңызды орын алады.
2019 жылы Париждегі атақты Нотр-Дам де Пари соборы өртеніп, үлкен мәдени және тарихи шығынға ұшырады.
Қазақстанда 15 сәуір қандай күн?
Қазақстанда бұл күн бейресми түрде Ғашықтар күні ретінде аталып өтеді. Бұл күн көне аңыздағы Қозы Көрпеш пен Баян Сұлуның махаббатына арналған. Бұған дейін Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күні қалай пайда болғаны туралы жазған едік.