Алматы метросында интернетсіз QR-кодпен төлеу мүмкіндігі іске қосылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Алматы метросында
Метро бекеттерінде енді QR код арқылы төлеуге болады / Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

16 сәуірден бастап алматылықтар метроға ONAY қосымшасы арқылы интернетсіз QR-кодпен төлем жасай алады.

QR-кодпен қалай төлеуге болады?

1. ONAY мобильді қосымшасын ашыңыз
2. QR-код батырмасын таңдаңыз
3. QR-кодты генерациялау тармағына кіріңіз (интернет қажет емес)
4. Генерацияланған кодты турникеттегі камераға жақындатыңыз
5. Турникет ашылады — сапарыңызды жалғастыра бересіз!

QR-код қосымшада автономды түрде жасалады, яғни интернет қажет емес. Бұл тәсіл байланыс шектеулі жерлерде өте қолайлы.

Қазіргі таңда Алматы метросы күн сайын 100 мыңнан астам жолаушыны тасымалдайды. Олардың 65%-ы ONAY! картасын қолданады. Жаңа QR-кодпен төлеу жүйесі сол жолаушылар үшін қосымша балама әрі жылдам шешім болмақ.

Cонымен қатар, бұрынғы төлем тәсілдерімен де төлеуге болады: жетондар, банк карталары метроның смарт-карталары.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыдағы «Қалқаман» метро бекетінің құрылысы 2026 жылдың қаңтарына дейін аяқталатынын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз