Джефф Безос әйелдерден құралған экипажды ғарышқа жіберді

Жарияланды 15 Сәуір 2025 10:24

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Джефф Безос әйелдерден құралған экипажды ғарышқа жіберді / фото: Blue Origin

Америкалық поп-әнші Кэти Перри 14 сәуірде тек әйелдерден құралған құрамамен ғарышқа саяхаттап қайтты. Бұл ғарышқа ерекше сапарды танымал миллиардер Джефф Безосқа тиесілі Blue Origin компаниясы ұйымдастырды.

New Shepard ғарыш кемесі Техастағы ұшыру алаңынан көкке көтеріліп, 100 шақырымнан астам биіктікке жеткен. Ғарышта болу уақыты шамамен 11 минутқа созылды.

Бұл сапардың ерекшелігі — экипаж құрамында тек әйелдер болған. Мұндай оқиға 1963 жылы Валентина Терешкованың ұшуынан бері алғаш рет тіркеліп отыр. Перриден бөлек, бортта мәдениет, ғылым және бизнес салаларынан шыққан танымал әйелдер болды. Олардың арасында Джефф Безостың қалыңдығы да болған.

Кэти Перри жерге оралғаннан кейін әсерімен бөлісті:

«Бұл сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ғарыштан Жерге қарағанда оның нәзіктігін терең сезіндім», – деді әнші.

Blue Origin соңғы жылдары шоу-бизнес өкілдерімен бірлесіп, ғарышқа саяхат ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған.

Еске сала кетейік, бұған дейін әйгілі Prada бренді айға ұшатын әйелдер үшін арнайы скафандр шығарған еді.

Сондай-ақ оқыңыз