Елена Рыбакина ұлттық құрама үшін рейтингтегі орнын құрбан етті

Жарияланды 15 Сәуір 2025 11:01

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Елена Рыбакина ұлттық құрама үшін рейтингтегі орнын құрбан етті / фото: reuters

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жеке мансаптағы табыстан гөрі ел намысын жоғары қойып, Штутгарттағы WTA 500 турниріне қатысудан бас тартты. Оның орнына Рыбакина Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасының намысын қорғауды жөн көрді.

Осы таңдауының салдарынан Рыбакина WTA рейтингінде алғаш рет екі жылдан кейін ТОП-10-нан шығып қалды. Қазіргі таңда Елена 11-орынға түсіп отыр. Бұған дейін ең жоғары көрсеткіші 3 орын еді. Ал егер Штутгарттағы жарыста ресейлік Диана Шнайдер чемпион атанса, Рыбакина тіпті 12-сатыға дейін төмендеуі мүмкін.

Айта кетейік, Штутгарт турнирінде Рыбакина 2024 жылы чемпион атанған, яғни биыл сол титулын қорғауға тиіс еді. Алайда қазақстандық теннисші рейтингтік ұпайдан саналы түрде бас тартып отыр.

Елена Рыбакина – 2022 жылғы Уимблдон чемпионы. WTA турнирлерінің 8 дүркін чемпионы, Қазақстанның бірінші ракеткасы. Бұған дейін қазақстандық тағы бір теннисші Александр Бублик: «Рыбакина Қазақстанға ауыспағанда, дәл қазіргі дәрежеге жетпес еді», деп пікір білдірген еді.

Сондай-ақ оқыңыз