Lifestyle

Соңғы аптада ең көп касса жинаған фильмдер арасында «Патруль» көш бастады

Патруль
«Патруль» фильмінен кадр

Қазақстан кинотеатрларындағы соңғы аптада (8–14 сәуір аралығы) ең көп табыс әкелген фильмдер белгілі болды. Үздік бестікке отандық және шетелдік туындылар енді.

Кассалық көрсеткіштер:

1. Патруль – 598 800 851 теңге
2. Minecraft – 202 432 074 теңге
3. Новичок – 71 783 504 теңге
4. Азартник – 38 902 669 теңге
5. Ғашығым – 28 254 644 теңге

«Патруль» — аптаның көшбасшысы

Апта ішінде ең көп көрермен жинап, рекордтық табысқа жеткен фильм – отандық «Патруль» комедиясы. Фильм сюжеті Абай облысында өтеді. Ел Президенті осы өңірге жұмыс сапарымен келмек. Президентке арналған кортежді ұйымдастыру міндеті жергілікті полицияға жүктеледі. Бірақ бөлім қызметкерлері – Серік, Олжас, Медет, Еділ, Бекс және Ілияс – тәртіптен алыстау, өз ісіне салғырт қарайтын кейіпкерлер. Полиция басшылығы тек Семей қаласындағы элиталық офицерлер – Дима мен Ренатқа ғана үміт артады. Комедия актерлік құрамымен де ерекшеленеді: басты рөлдерде Рүстем Омаров, Айдар Каримбаев, Роберт Кун, Ренат Мұхамбаев сынды танымал есімдер бар.

Minecraft — фантазиялық әлемнің шытырман оқиғасы

Екінші орында – әйгілі видеоойын желісімен түсірілген Minecraft фильмі. Сюжет желісі төрт достың кенеттен Minecraft әлеміне тап болуынан басталады. Достар үйіне қайту үшін Стив есімді кейіпкермен одақтасып, түрлі құбыжықтарға қарсы күреседі. Фильмде Джек Блэк, Джейсон Момоа және Эмма Майерс сынды жұлдыздар ойнайды. Музыкалық көріністер мен комедиялық сәттер фильмге ерекше көңіл-күй береді.

«Новичок» — шпиондық триллер

Үшінші орында – «Новичок» фильмі. Лондондағы теракт кезінде әйелінен айырылған криптограф Чарльз Хеллер ЦРУ басшылығына сенбестен, өзінің жеке тергеуін бастайды. Қажетті дайындықтан өтпеген кейіпкер агенттікке қысым жасап, арнайы жаттығудан өтуге тырысады. Сюжеті терең, драмалық элементтерге толы фильм шпиондық жанрды сүйетіндерге арналған.

Еске сала кетейік, бұдан бөлек 24 сәуір күні алғаш рет футбол туралы «90+1» атты фильм шығады.