Көшпенділер ойындары туралы бейнеролик Webby Award сыйлығына үміткер атанды

Жарияланды 15 Сәуір 2025 14:38

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Көшпенділер ойындары туралы бейнеролик Webby Award сыйлығына үміткер атанды / фото: Туризм және спорт министрлігі

Елімізде өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы бейнеролик беделді халықаралық Webby Award сыйлығына ұсынылды. Видеоны танымал Lonely Planet баспасы дайындаған.

Webby Award — АҚШ-та табысталатын, интернет контент саласындағы ең беделді марапаттардың бірі. Бқл марапатты көбіне «Интернеттің Оскары» деп атайды. Бұл байқауға әлемнің ең үздік медиа компаниялары қатысады.

Қазақстандық бейнеролик «Мәдениет және өмір салты» номинациясында «Үздік қысқаметражды әлеуметтік видео» ретінде ұсынылып отыр. Бұл аталымда National Geographic секілді ірі компаниялармен қатарлас аталып, еліміздің абыройын асқақтатып тұр.

Жеңімпаз халық дауысымен де анықталады. Дауыс беру 17 сәуірге дейін жалғасады. Ұйымдастырушылар қазақстандықтарды бейжай қалмауға, ұлттық мұра мен табиғат сұлулығын әлемге таныту үшін дауыс беруге шақырады.

Айта кетейік, 2024 жылы Қазақстан алғаш рет Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қабылдап, этноспорт пен көшпенді мәдениеттің жаһандық аренасында жарқын көрініс тапқан еді. Бұл бейнеролик сол шараның ауқымын, атмосферасын және мәдени байлығын әлемдік аудиторияға паш етіп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз