Дженнифер Лопес астаналық биші қыздардың видеосын жариялап, елді сүйсіндірді

Жарияланды 15 Сәуір 2025 16:20

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Дженнифер Лопес астаналық бишілердің видеосын жариялады / коллаж: kursiv.media

Әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопес Астанада түсірілген бишілердің видеосын Instagram желісінде бөлісті.

Әншінің сторисінде қазақстандық жастардың Бәйтерек монументі алдында әсерлі биі көрсетілді. Бұл – Dream Way жобасының кәсіби би ұжымдары орындаған қойылым. Дженнифер Лопес олардың видеосын сториске жүктеп, 248 миллионнан астам жазылушысы бар аудиториясына ұсынды.

Қазақстандық желі қолданушылары бірден белсенділік танытып, жарыса пікірлер жазды.

«J-Lo-ның сторисін ашсаң – Бәйтерек тұр. Қыздар, құттықтаймын!» «Сірә, Джей Ло Қазақстанды біздің туризм министрлігінен жақсырақ жарнамалап жатыр!» «Осы қыздар концерт күні сахнаға шығып билесе екен!» – деген пікірлер жазылды.

Айта кетейік, Дженнифер Лопес 1 тамыз күні Астанада жеке концертін береді. Концерттің билеттері бірнеше сағатта толықтай сатылып кеткен.

Сондай-ақ оқыңыз