LRT ісі: Интерпол күдіктілердің бірінің қайда екенін анықтады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
LRT-ға байланысты жол айрығында қозғалыс уақытша шектеледі/фото: Асқар Ахметуллин
LRT ісі: Интерпол күдіктілердің бірінің қайда екенін анықтады / фото: Асқар Ахметуллин

Астанадағы LRT құрылысындағы қаржы жымқыру ісі бойынша халықаралық тергеушілер күдіктілердің бірін тапты. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы мәлімдеді.

Алайда құқық қорғау органдары күдіктінің нақты кім екенін айтпады. Интерпол таратқан мәліметке сәйкес, күдіктілердің біреуі қазіргі таңда Батыс елдерінің бірінде жүрген көрінеді. Бұл туралы прокурор Азамат Ермаханов мәлім етті. Прокурордың айтуынша, экстрадиция бойынша да шаралар атқарылып жатыр.

Аталған ақпаратты прокурор Айжан Аймағанова да өз Instagram парақшасында жариялады. Айта кетейік, Аймағанова Қуандық Бишімбаев ісін жүргізген прокурор.

Еске сала кетсек, елордалық жеңіл рельсті көлік құрылысындағы қаржы жымқыру ісі бойынша тергеу осыдан бес жыл бұрын аяқталған еді. Содан бері негізгі күдіктілер – «Астана LRT» компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан мен Астана қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков халықаралық іздеуде жүрген еді. Алайда олардың қайсысы табылғаны әзірге белгісіз.

Сондай-ақ оқыңыз