Қанат Шарлапаев «Самұрық-Қазына» қорының директорлар кеңесіне кірді
Жарияланды

ҚР Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі, бұрынғы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жаңа лауазымға тағайындалды.
Шарлапаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жарияланды.
Директорлар кеңесінің қазіргі құрамы:
- Олжас Бектенов – ҚР Премьер-министрі
- Болат Жәмішев – бұрынғы қаржы министрі
- Лука Сутера
- Вонг Хэн Файн
- Мохаммед Жамиль Әл Рамахи
- Нұрлан Жақыпов – «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы
- Қанат Шарлапаев
Қанат Шарлапаев 2015 жылы – «Ситибанк Қазақстан» қаржы директоры, кейін басқарма төрағасының орынбасары және аға вице-президенті болды.
- 2017–2020 жылдары – Ресей, Украина және Қазақстан бойынша қаржы директоры (CFO)
- 2020–2022 жылдары – Африка, Таяу Шығыс және Шығыс Еуропа елдерінде стратегия, жоспарлау және талдау бойынша аймақтық директор
- 2023 жылдың қыркүйегінен бастап 2024 жылдың ақпанына дейін – ҚР Индустрия және құрылыс министрі
2024 жылдың ақпанынан – ҚР Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.