Алматыда қойма өртеніп жатыр

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Алматының Алатау ауданында қойма өртеніп жатыр / Фото: kursiv.media; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Алматыда қойма өртеніп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт Алатау ауданындағы қоймадан шыққан. Өртті сөндіруге құтқарушылар жұмылдырылған.

«Осы сәтте Алматы қаласының өрт сөндірушілері Алатау ауданы Самғау шағын ауданы Жаңаарқа көшесі бойында орналасқан қоймадағы өртті сөндіруде», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Ал Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті аталмыш мекенжайға жоғары дәрежедегі шақырту бойынша құтқарушылардың жіберілгенін хабарлады.

Айта кетейік, биыл жаз әдеттегіден ыстық болады деп болжанып отыр. Осыған орай барлық өңірде өрт қаупі артады. Экология министрлігі әкімідіктерге жаздағы құрғақшылыққа байланысты жан-жақты шаралар қабылдап, өртке қарсы қызметтерді жауынгерлік дайындыққа келтіруді ұсынды.

Сондай-ақ оқыңыз