Жаңалықтар

Қырғызстанда 4 балдық жер сілкінісі тіркелді

землетрясение
Қырғызстанда 14 сәуір күні түнде жер сілкінді / shutterstock

Қырғызстанда, кеше, 14 сәуір күні жер сілкінді. Жер сілкінісінің ошағы Ош қаласының маңында орналасқан. Бұл туралы Қырғызстанның Сейсмологиялық институты хабарлаған.

Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Ош қаласынан оңтүстікке қарай 3 шақырым жерде. Жер сілкінісінің қуаты Ош елдімекенінде – 4 балл, Қара-Сууда – 3,5 балл, Ноокатта – 3 балл, Өзгенде – 2,5 балды құраған.

Бұл жер сілкінісін Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станциялары да сезген. Жер асты дүмпулері 2025 жылғы 14 сәуірде Астана уақытымен 22:11-де тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 452 шақырым ұзақтықта болған. Бұл жер сілкінісі Қазақстан аумағында сезілмеген.

Айта кетсек, 14 сәуір күні Тәжікстанда да жер сілкінісі тіркелді. 13 сәуір күні Тәжікстанда екі рет жер сілкінген болатын. Қуаты 5,8 балды құраған жер сілкінісінде  Рашт және Таджикабад аудандарында 94 тұрғын үй құлағаны хабарланды. 13 сәуір күні таңғы 9.24-те болған бұл жер сілкінісі Қазақстанның оңтүстігіндегі 30-дан аса елдімекенде де сезілді.