Nissan тарифтерге байланысты Rogue моделінің өндірісін қысқартады

Жарияланды 15 Сәуір 2025 17:24

Сабина Зәкіржанқызы

Сабина Зәкіржанқызы

General News бөлімінің редакторы
 Nissan Rogue
Nissan Rogue моделінің өндірісін азайтады / Фото: kursiv.media архив

Nissan компаниясы Трамптың тарифтеріне байланысты Жапонияда шығарылатын Rogue жол талғамайтын көлігінің өндірісін айтарлықтай қысқартады. Бұл туралы Reuters басылымы хабарлады.

Компанияның дәл осы көлігі АҚШ-та сұранысқа ие. Бірақ АҚШ президенті Дональд Трамптың шетелде өндірілген көлікке 25% көлемінде кедендік баж салығын енгізу туралы шешімі өндіріс жоспарына өзгеріс енгізуге себеп болған. Бұл Nissan үшін біршама ауырға соғуы мүмкін. Өйткені компанияның басты нарығы – Америка Құрама Штаттары. Компания шығарған автомобильдердің төрттен бір бөлігін америкалықтар сатып алады.

Nissan үш айдың ішінде Жапонияның оңтүстік-батысындағы Кюсю қаласындағы зауытында Rogue өндірісін 13 000 көлікке қысқартуды жоспарлап отыр. Компанияның бұл зауыттағы жұмысшыларының жұмыс сағаттары мамырдан шілдеге дейінгі аралықта азайтылады. Тіпті кей күндері өндіріс толықтай тоқтауы да мүмкін екені айтылады.

Rogue өткен жылы Nissan-ның АҚШ-тағы ең көп сатылған моделі болды. 2024 жылы америкалықтар 246 000-ға жуық осы модельдегі көліктерді сатып алған.

Сондай-ақ оқыңыз