
16 сәуірде магнитті дауыл күтіліп отыр. Ғалымдар оны G2 деңгейі деп көрсетіп отыр. Аспанда полярлы шұғыла көрініс беруі де ғажап емес.
Бұл туралы Сәуле астрономиясы зертханасы мен Ғарыштық зерттеулер институты хабарлады.
Ғалымдардың мәліметінше, геомагнитті фон әсіресе түстен кейін, шамамен 15:00-де күрт өзгеруі мүмкін. Түнге қарай дауыл G1 деңгейіне дейін әлсірейді.
Дауылдың үш кезеңі
Магнитті дауылдың негізгі себебі – 13 сәуірде Күннен Жерге қарай екі ірі жалын тілінің бөлінуі. Олар 15 сәуір кешінде Жерге жетіп, келесі күні геомагнитті белсенділік тудырмақ.
Болжам бойынша 16 сәуірде болатын магнитті дауыл үш кезеңге бөлінеді. Бұл кезең таңнан кешке дейінгі уақытты қамтиды.
Полярлы шұғыла пайда болады
Дауылдың пайда болу ықтималдығы – 70%. Ғалымдар бұл түнде және келесі күні түнде полярлы шұғыла байқалуы мүмкін екенін айтады. Сәуір айында күн белсенділігі артып отыр.
12–13 сәуір аралығында Күн бетінде 39 жыпылықтау тіркелген. Оны жартылай күшті деңгей деп аталынып отыр. Бұл құбылыс Күннің белсенділік циклына байланысты.
Магнитті дауыл неге қауіпті?
Магнитті дауылдар – Жердің магнит өрісіндегі күшті ауытқулар. Олар жүрек-қантамыр аурулары бар адамдардың жағдайын нашарлатуы, бас ауруын немесе әлсіздік туғызуы мүмкін. Сонымен қатар, техника мен байланыс жүйелерінің жұмысына да әсер етуі ықтимал.
Денсаулықты қалай күту керек?
Дәрігерлердің кеңесіне қарғанда, магнитті дауыл кезінде белсенді әрекеттерді азайтып, көбірек тынығу қажет. Стрестен аулақ болып, жеңіл тамақтанып, суды көбірек ішу керек. Ұйқы мен сергектік режимін сақтаған абзал. Әрине, ішімдік пен кофеден бас тартқан жөн. Далада көп уақыт өткізсеңіз, тікелей күн сәулесінен сақтанудың пайдасы бар.
Созылмалы аурулары бар адамдарға дәрілерді оңай жерге сақтау керек.
Келесі магнитті дауылдар 22 және 24 сәуір күндері өтеді.
2024 жылы соққан ең жойқын дауыл мен құйындар туралы жазған едік.