Италиялық жасөспірім – 15 жасар бала мыңжылдықтағы алғашқы әулие атанбақ

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі

Италиялық жасөспірім 2006 жылы небәрі 15 жасында лейкоз дертіне шалдығып қайтыс болған./фото: shutterstock
Италиялық жасөспірім 2006 жылы небәрі 15 жасында лейкоз дертіне шалдығып қайтыс болған./фото: shutterstock

Италиялық жасөспірім Карло Акутис осы айда Католик шіркеуі тарапынан миллениал ұрпағының алғашқы әулиесі деп жарияланғалы отыр.

Ол Әулие Франциск Ассизский мен Тереза ана сынды тұлғалардың қатарына қосылмақ.

«Қарапайым еді»

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Карлоның анасы Антония Сальцано Акутис: «Ол, сөзсіз, ерекше болатын. Бірақ, сонымен бірге, ол кез келген жасөспірім сияқты қарапайым еді,» – деп пікір білдірген.

Италиялық жасөспірім 2006 жылы небәрі 15 жасында лейкоз дертіне шалдығып қайтыс болған. Карло бірнеше бағдарламалау тілін меңгеріп, шіркеу үшін веб-сайттар әзірлеген. Оның дінге деген берік көзқарасы мен шіркеуге қызмет етуге ұмтылысы көп адамдарды рухтандырыпты.

Тәу етіп келетіндер көп

Марқұмның өсиеті бойынша, оның денесі Италияның орталығындағы Ассизи қаласына жерленген. Карлоның бейнесі балауыздан жасалған пішінмен жабылған. Ол – джинсы, спорт жейдесі және кроссовки киген күйінде әйнек табыт ішінде жатыр. Қазірдің өзінде бұл жерге мыңдаған адам тәу етіп келеді.

Папа рәсімді өзі басқарады

27 сәуір күні Ватикандағы Әулие Петр алаңында өтетін ресми канонизация рәсіміне он мыңдаған адам жиналады деп күтіп отыр. Папа Франциск қос өкпесінің қабынуынан емделіп шыққанына қарамастан, бұл рәсімді өзі басқармақ.

Рим папасы денсаулығына байланысты тағынан бас тартуы мүмкін екенін жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз