Nvidia АҚШ-та ЖИ инфрақұрылымына 500 млрд доллар салады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Nvidia АҚШ-та 500 млрд долларға ЖИ инфрақұрылымын құрады / фото: shutterstock

Америкалық чип өндіруші Nvidia компаниясы алдағы 5 жылда АҚШ-та жасанды интеллект (ЖИ) инфрақұрылымын дамытуға 500 млрд долларға дейін инвестиция салмақшы. Бұл жобаны компания тайвандық TSMC сынды серіктестермен бірге жүзеге асырады.

TSMC қазірдің өзінде Аризона штатының Финикс қаласында Nvidia Blackwell ЖИ-чиптерін шығара бастады. Сондай-ақ Foxconn мен Wistron зауыттарында суперкомпьютерлер дайындауға инвестиция салынады. Бұл кәсіпорындардың қуаттылығын арттыру алдағы бір жарым жылға жоспарланған.

Nvidia компаниясы атап өткендей, АҚШ-та ЖИ-чиптер мен суперкомпьютерлерді өндіру алдағы он жылда жүздеген мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта компанияның процессорларының басым бөлігі Тайваньда өндіріледі.

«АҚШ-та өндірісті ұлғайту бізге ЖИ-чиптер мен суперкомпьютерлерге деген орасан зор әрі өсіп келе жатқан сұранысты жақсырақ қанағаттандыруға, жеткізу тізбегімізді нығайтуға және тұрақтылығымызды арттыруға көмектеседі», – деді Nvidia басшысы Дженсен Хуанг.

Сондай-ақ оқыңыз