ДСҰ: әлем екі блокқа бөлініп, экономика 7%-ға қысқаруы мүмкін

Дүниежүзілік сауда ұйымы 2025 жылға қатысты болжамын жариялап, биыл әлемдегі сауда едәуір қысқаратынын ескертті. Ұйым әлемнің екі түрлі блокқа бөлінуінен қауіптенеді.
ДСҰ болжамы
Ұйым болжамына сенсек, биыл тауар сату 0,2 пайызға қысқарады. ДСҰ жарты жыл бұрын 2025 жылы сауда 3%-ға өседі деп болжаған еді.
«Мен қатты алаңдап отырмын. Әлемдегі сауданың қысқаруы бәрімізді қатты алаңдатып қойды», – деп мәлімдеді ДСҰ бас директоры Нгози Оконджо-Ивеала. Оның Женевада айтқан сөздерін Reuters жариялады.
АҚШ президенті Дональд Трамп болат пен автомобиль импортына қосымша баж салығын енгізді. Құрама Штаттар мен Қытай арасындағы сауда соғысы «қанға қан» ережесіне сай өрбіп, бір-бірінің тауарына салған сауда салығының көлемі 100%-дан асып кетті.
Әлем екіге жарылуы мүмкін
ДСҰ басшысы Қытай мен АҚШ экономикалары арасындағы байланыстың алшақтай түсуінен қауіптенеді. Ұйым әлемнің екі ірі экономикасы арасындағы сауда айналымы 81%-ға қысқарады.
«Мұндай алшақтыңтың салдары қауіпті. Себебі әлем экономикасы геосаяси нышандарға сай екі түрлі блокқа бөлініп кетуі мүмкін», – дейді Оконджо-Ивеала.
Оның пікірінше, мұндай жағдайда әлемнің жалпы ішкі өнімі 7%-ға қысқаруы ғажап емес.
Бүған дейін Біріккен Ұлттар Ұйымының сауда және даму жөніндегі агенттігі әлем экономикасының өсімі 2,3%-ға дейін тежелуі мүмкін екенін ескерткен.