Байден Трамп әкімшілігінің жұмысынан шошыған

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Байден алғаш рет Трамп туралы пікір білдіріп, оның билігі шошытқанын мәлім етті
Байден алғаш рет Трамп туралы пікір білдіріп, оның билігі өзін шошытқанын мәлім етті/Фото: Nam Y. Huh/AP

АҚШ-тың экс-президенті Джо Байден президент креслосынан түскеннен кейін, алғаш рет жұртшылық алдына шығып, елдің қазіргі президенті Трампты сынға алды. Алайда сөзінде Трамптың атын мүлде атамады.

СNN мәліметінше, Джо Байден Трамп әкімшілігінің үш айдағы қызметінен шошынғанын жеткізген.

«Жүз күнге жетпейтін уақыт ішінде бұл жаңа әкімшілік соншалықты көп зиян келтіріп, қиратумен айналысып жатыр. Бұл тіпті бір жағынан шошытады», – деді ол Мүгедектер ісі жөніндегі адвокаттар, кеңесшілер мен өкілдер конференциясында (ACRD).

Ол федералды мемлекеттік қызметкерлер санының қысқаруын сынға алып, бұл әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының веб-сайтының жиі істен шығуына және адамдардың жеке аккаунттарына кіре алмауына себеп болып отырғанын айтқан.

Сондай-ақ Байден әлеуметтік қамсыздандыруды қорғаудың маңыздылығын атап өткен.

Байденнің бұл мәлімдемесі Трамп билікке келген үш айдағы алғашқы сөзі болып отыр. Ал Трамп Украинадағы соғыстың басталуына жол берді деп бірнеше рет Байденді айыптай сөйлеген. Сондай-ақ ол Байден әкімшілігін Украинаға қисапсыз көмектесті деп айыптайды.

Сондай-ақ оқыңыз