Қыздар университетіндегі тамаққа берілетін ақша қысқартыла ма

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Қыздар университетіндегі тамаққа берілетін ақша қысқартыла ма
Қыздар университетіндегі тамаққа берілетін ақша қысқартыла ма/Фото: Ашық дереккөз

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті студенттерінің арасында ыстық тамаққа берілетін ай сайынғы ақыны алып қояды-мыс деген әңгіме тарап жатыр. Kursiv.Media аталған мәселенің ақ-қарасын анықтауға тырысты.

Қыздар университетінде мемлекеттік грант бойынша педагогикалық бағытта оқитын студенттер айына шәкіртақы мен ыстық тамақ үшін 150 мың теңге алады. Енді соның тең жартысы – тамаққа берілетін 75 мың теңге қысқартылып, оның орнына үш мезгіл тамақ талоны енгізіледі деген ақпарат тарап жатыр.

Қыздар университетінің Маркетинг департаментінің мамандары аталған мәселеге байланысты «әзірге ақпарат жоқ» деп қысқа қайырды. Айтуларынша, тамаққа берілетін қаржы университет бюджеті есебінен емес, Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан бөлінеді.

Ғылым және жоғары білім министрлігі ел бюджетін үнемдеу арқылы тиімді пайдалану мақсатында бірқатар шаралар қарастырылып жатқанын атап өтіп, Қыздар университетінің мәселесі де соның қатарында екенін жеткізді.

«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті студенттерінің тамақтану мәселесі пысықталуда»,– делінген министрлік жолдаған жауапта.

Ел үкіметі бюджет тапшылығын жабу үшін ұлттық қорға жиі қол салып, кей салық жеңілдіктерін қысқартуға кірісті. Сондай-ақ жаңа салық кодексін қабылдағалы жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз