Жол ережесін жиі бұзатын жүргізушілер үшін жеңілдікпен төлеу мүмкіндігін алып тастай ма

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
General news бөлімінің тілшісі
Жол ережесін жиі бұзатын жүргізушілер үшін жеңілдікпен төлеу мүмкіндігін алып тастай ма
Жол ережесін жиі бұзатын жүргізушілер үшін жеңілдікпен төлеу мүмкіндігін алып тастай ма/Коллаж: KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов сенатордың жол ережесін жиі бұзатын жүргізушілер үшін айыппұлды 50% жеңілдікпен төлеу мүмкіндігін алып тастау туралы бастамасына пікір білдірді.

Оның сөзінше, министрлікке мұндай ұсыныс түспеген.

«Қазіргі таңда Әділет министрлігінің арнайы жұмыс тобы заңнамалық өзгерістер жасап жатыр. Соның аясында осы бастаманы міндетті түрде қарастыратын боламыз» – деді ол.

Санжар Әділов жеке өзі жеңілдікпен төлеу мүмкіндігін алып таусауды құп көрмейтінін атап өтті.

Бұған дейін қазіргі сенатор, бұрынғы ІІМ орынбасары Марат Қожаев жол ережесін жиі бұзатындарға айыппұл төлеуде 50% жеңілдікті алып тастауды ұсынған. Ол жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзатын жүргізушілерге жазалау саясатын қайта қарау қажет деп санайды.

Бұл ұсынысты Үкімет басшысы қолдаған. Олжас Бектенов сенаторға берген жауабында күнтізбелік бір жыл ішінде 10 немесе одан да көп рет жол ережесін бұзып, айыппұлға іліккен жүргізушілерге айыппұл жеңілдігі берілмейтінін айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз