
Экономикаға берілген несие бір жылда 20%-ға артқан. Ұлттық банк статистикасына сәйкес, 2024 жылдың наурызында ел экономикасына 33,8 трлн теңгеден аса несие берілсе, биыл наурыз айында 42,1 трлн теңгеге жеткен.
Соның 19,2 трлн теңгесі (45,6%-ы) – жеке және заңды тұлғалардың бизнес үшін алған несиесі. Ал 22,9 трлн теңгесі – халықтың басқа мақсатта (ипотека, автокредит және тұтыншылық несие) алған борышы.
«Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі 38,2 трлн теңгені (90,8%), шетел валютасында – 3,9 трлн теңгені (9,2%) құрады. Банк секторының кредиттері кредиттердің жалпы көлемінің 85,6%-ын құрады», – делінген ҰБ хабарламасында.
Соңғы уақытта Қазақстанда автонесиеге сұраныс ипотекадан асып түсті. Қаржы ұйымдарының мәліметінше, банктер берген тұтынушылық несиелердің ішінде автонесие үлесі рекордтық деңгейге жеткен.