«Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционеріне 38,6 млрд теңге дивиденд төледі

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
«Өнеркәсіпті дамыту қоры» қанша дивиденд төледі / Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционеріне 2024 жылға дивиденд төледі. Төленген дивиденд көлемі – 38,6 млрд теңге. Бұл 2023 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 64 пайызға артық. Компания хабарламасы Қазақстан қор биржасында орналастырылған

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ (KASE тикері – IDFR) 2025 жылдың 15 сәуірінде жай акциялар бойынша дивидендтер төледі; бір жай акцияға дивиденд мөлшері – 30 539,24 теңге, төлем сомасы – 38 652 908 275 теңге», – делінген хабарламада.

«Өнеркәсіпті дамыту қорының» жалғыз акционері – «Қазақстан Даму Банкі». Ал ҚДБ «Бәйтерек» ұлттық» басқарушы холдингі арқылы үкіметке тиесілі. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» 2020 жылы Индустриялық даму және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламаларының жұмыс істеп тұрған қаржы операторы – «ҚДБ-Лизинг» АҚ  негізінде құрылған.

Ұйым өңдеу өнеркәсібі, шағын және орта бизнеске жеңілдетінген несие беру ірі кәсәпорындарды қаржылай қолдаумен айналысады.

Қор былтыр 2023 жылғы қызметі үшін 23 млрд теңге дивиденд төледі.

Сондай-ақ оқыңыз