Ресей компаниялары Қазақстаннан кетіп жатыр

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Ресей Украинаға соғыс ашқалы Қазақстанға ағылған ресейлік компаниялардың қатары кейінгі кезде қысқарып келеді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының мәлметтеріне сүйене отырып, DataHub хабарлайды.

2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстанда ресейлік капиталы бар 18,4 мың кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Бұл көрсеткіш 1 қаңтармен салыстырғанда 495 ұйымға азайған.

Тоқсандық есепте қатарынан төртінші рет қысқарып, кейінгі 6 жылдағы ең төменгі көрсеткішті құрады.

Украинадағы соғыс басталғалы, ресейлік компаниялардың саны 9 тоқсан қатарынан күрт өсіп отырған. Ең үлкен өсім 2022 жылдың II тоқсанынан 2023 жылдың I тоқсанына дейін байқалды: бұл кезде әр үш ай сайын орта есеппен 2,3 мың жаңа кәсіпорын ашылған.

Сөйтіп 2023 жылы бұл қарқын бәсеңдей бастады, ал 2024 жылы толығымен тоқтады деуге болады.

Салаларға келсек, соңғы тоқсандағы төмендеуге ең көп таралған екі сала әсер етті: сауда саласында 238 кәсіпорын қысқарып, олардың саны 7,5 мыңға дейін азайды, ал ақпарат және байланыс саласында 70 кәсіпорын жабылып, 2,5 мыңға жетті.

Сондай-ақ оқыңыз