«Астарлы ақиқат» бағдарламасының жүргізушісі Асхат Садырбай бұрынғы әйелін сотқа берді

Жарияланды 16 Сәуір 2025 11:07

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Асхат Садырбай бұрынғы әйелін сотқа берді / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

«Астарлы ақиқат» бағдарламасының жүргізушісі Асхат Садырбай бұрынғы әйелі Айғаным Қорабаеваның үстінен Алматы қаласының азаматтық сотына талап арыз түсірді.

Садырбайдың айтуынша, Қорабаева Instagram, TikTok, YouTube және Facebook әлеуметтік желілерінде оның ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін жалған мәліметтер таратқан. Қорабаева тележүргізуші тарапынан зорлық-зомбылық көргенін, бала үшін сотқа сүйрегенін және қорлық көргенін айтқан.

Алайда Асхат Садырбай бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын және жеке өмірге қолсұғушылық деп есептейді. Осыған байланысты Садырбай соттан:

  • Жарияланған ақпараттарды жалған деп тануды;
  • Айғаным Қорабаеваның әлеуметтік желілерде бейне немесе аудио форматта кешірім сұрауын;
  • Жазбаша кешірім хатын жолдауды;
  • 1,5 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуді талап еткен.

Сондай-ақ Садырбай кешірім жазбасы мен хаттың көшірмесін өзі жүргізетін «Астарлы ақиқат» бағдарламасының редакциясына жолдауды да сұрап отыр.

Азаматтық іс 2025 жылдың 21 ақпанында қозғалып, қазіргі уақытта Алматы қаласы сотында қаралып жатыр. Тараптар бұл мәселеге қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Астарлы ақиқат» бағдарламасының бұрынғы тележүршізушісі Дина Төлепберген Асхат Садырбайды сынға алған еді.

Сондай-ақ оқыңыз