«Кетчуп пен нан»: Димаш Құдайберген қазақстандықтардың әзілдеріне жауап берді

Жарияланды 16 Сәуір 2025 14:49

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Димаш Құдайберген қазақстандықтардың әзілдеріне жауап берді / фото: Maximilian Koch via Reuters Connect

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген өзінің «Бір аспан тарихы» атты жаңа әніне қатысты әлеуметтік желілерде айтылған пікірлер мен әзілдерге жауап берді.

Аталған туынды – соғыс пен бейбітшілік тақырыбына арналған композиция. Әннің қайырмасында Димаш жоғары нотада ағылшынша «This is a love» деген жолды орындайды. Алайда TikTok қолданушылары бұл тіркесті өздерінше түсініп, оны «Кетчуп пен нан» деп пародияға айналдырып, жаңа әзіл-трендке себеп болды.

Бұл пікірлерге жауап ретінде Димаш әлеуметтік желіде жазба жариялады:

«Сәлем, достар. Бүгін әлеуметтік желілерде отандастарымның менің «Бір аспанның тарихы» атты шығармамды қызу талқылап жатқанын білдім. «Сенімен әзілдессе – демек, тірісің және қызықсың» дейді ғой. Креативті әзілдер мен назарларыңыз үшін рахмет, қымбатты жерлестер. Кейде күтпеген формада болса да, бұл — сіздердің қолдауларыңыз.

Сонымен қатар Димаш 26 мамыр күні Алматыда өтетін «D&Dears» кездесуіне шақырып, билеттер жақын арада ticketon.kz сайтында шығатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз