Дженнифер Лопестің концертіне тегін билеттер бола ма? Ticketon мәлімдеме жасады

Жарияланды 16 Сәуір 2025 08:40

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Дженнифер Лопестің концертіне тегін билеттер бола ма? / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Астанада өтетін әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопестің концертіне билеттерді сату барысында туындаған қиындықтарға байланысты ресми билет операторы Freedom Ticketon түсініктеме берді. Компания соңғы күндері әрбір тапсырысты жеке қарастырып, клиенттермен байланыс орнатып, орындарды қайта бөлу жұмыстарын жүргізгенін хабарлады.

Компания мәлімдемесінде мынадай негізгі шешімдер айтылды:

  • Ваучер алмаған, бірақ билетті толық төлеген клиенттерге: қазіргі уақытта бос орын қалмағандықтан, билет құны толық қайтарылады. Бұған қоса, компания билеттің құнына тең қосымша 100% өтемақыны да ақша түрінде қайтарып бермек. Қаражат 3–10 жұмыс күні ішінде клиенттің шотына түседі.
  • Билеттері сол баға санатындағы басқа орындарға немесе би алаңына ауыстырылған клиенттерге: қолайсыздық үшін бастапқы билет құнының 50%-ы өтемақы ретінде төленеді.
  • Арзан орындарға ауыстырылған клиенттерге: сатып алған билет құны толық қайтарылады. Бұл жағдайда концертке бару тегін болады.

Компания барлық клиентке алдағы бір күн ішінде тапсырыстың мәртебесі туралы SMS хабарлама жіберетінін де жеткізді.

«Біз қатемізден үлкен сабақ алдық. Болашақта мұндай жағдайлар қайталанбас үшін жұмысымызды жетілдіреміз», – делінген Ticketon мәлімдемесінде.

Бұл – Дженнифер Лопестің Қазақстандағы алғашқы концерті. Жанкүйерлер тарапынан үлкен қызығушылық тудырған шараға билеттер сатылымы алғашқы күні-ақ толықтай сатылып кеткен.

Сонымен қатар Джей Ло өзінің Instagram парақшасында астаналық биші қыздардың видеосымен бөлісіп, қазақ елін сүйсіндірді.

Сондай-ақ оқыңыз