Иэн Гэрри Шавкатты қылқындырып жатқан суретті жатын бөлмесіне іліп қойды

Жарияланды 16 Сәуір 2025 11:37

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Иэн Гэрри Шавкатты қылқындырып жатқан суретті жатын бөлмесіне іліп қойды / фото: скрин

UFC турнирінің қатысушысы, ирландиялық файтер Иэн Мачадо Гэрри (15-1) өзінің жатын бөлмесінде Шавкат Рахмоновты қылқындырып жатқан сәтінен түсірілген суретті іліп қойғанын айтты. Бұл туралы спортшы өзінің Instagram парақшасында жариялады.

«Мен Шавкатты қылқындырып жатқан суретті рамкаға салып қойдым. Таңертең төсектен тұрған сайын сол қарғыс атқан суретті көремін. Бұл көрініс менің жанымды өртеп, мотивация береді», — деді спортшы.

2024 жылдың 7 желтоқсанында өткен UFC 310 турнирінде Иэн Мачадо Гэрри өзінің кәсіби мансабында алғаш рет жеңілген еді. Гэрри Шавкат Рахмоновқа төрешілердің бірауызды шешімімен есе жіберді. Жекпе-жектің соңғы раундында Гэрри Рахмоновты тұншықтыруға тырысқанымен, бұл әрекеті сәтсіз аяқталған.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов UFC чемпиондығына басты үміткерлердің бірі. Алайда, жарақатына байланысты мамыр айында өтетін орта салмақтағы чемпиондық жекпе-жекке қатыса алмайтынын мәлімдеген еді.

Сондай-ақ оқыңыз