7 млн тонна. Қазақстан кей елдерге астық экспортын 100 есе арттырған

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Қазақстаннан Иран мен Әзербайжанға астық экспорты қарқынды өскен / Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстан 8 айда астық экспортының әлеуетін айтарлықтай арттырған. Мысалы, Әзербайжанға астық экспорты шамамен 100 есе артқан. Қазақстаннан астық импортын арттырған елдер қатарында Иран да бар. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

2024 жылдың қыркүйегінен бастап 2025 жылдың көктеміне дейінгі аралықта күзгі өнімнің 7 млн тоннасын экспорттап үлгерген. Бұл көрсеткіш өткен ауыл шаруашылығы маусымындағы 4,6 млн тонна көлеммен салыстырғанда 35,2%-ға артық.

Қазақстан 2024-2025 жылдар аралығында мынадай елдерге астық жеткізіп берген:

  • Өзбекстан – астық көлемі 2 млн тоннадан 2,6 млн тоннаға дейін өсіп, 23,5%-ға артқан.
  • Тәжікстан – экспорт көлемі 33,7%-ға ұлғайып, 681 мың тоннадан 1 027 мың тоннаға жеткен;
  • Ауғанстан – экспорттық көрсеткіштер 26%-ға артып, 198 мың тоннадан 267 мың тоннаға өскен;
  • Қырғызстан – астық тасымалы 83 мың тоннадан 165 мың тоннаға дейін артып, 49,7%-ға дейін көтерілген.
  • Иран;
  • Әзербайжан.

Бұл елдердің ішінен Иран мен Әзербайжанды ерекше атап өткен жөн. Иран биыл Қазақстаннан 15,2 есе астық сатып алып, астық импортының көлемін 54 мыңнан 825 мың тоннаға жеткізген. Ал Әзербайжанға астық экспортының көлемі 99,4 есе артып, небәрі 5 мың тоннадан 497 мың тоннаға дейін артқан.

«Қазақстан өңірлік азық-түлік нарығындағы өз позициясын нығайта отырып, сапалы астықты шетелге тұрақты түрде экспорттауды жалғастырады», – деп хабарлайды АШМ-ның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Қазақстан экспорттық географиясын кеңейтіп жатыр. Мәселен, 2024 жылдың астығын биыл  Солтүстік Африка елдері мен Мароккоға тасымалдауды жоспарлап отыр. «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы»  аталмыш елдерге 300 мың тонна бидай экспорттау жөнінде келісімшарт жасаған.

Сондай-ақ оқыңыз