
Марк Цукерберг 2018 жылы Instagram-ды Meta-дан бөліп, бөлек компания ретінде құру мәселесін қарастырған. Бұл туралы Reuters басылымы хабарлады.
Басылым мәліметінше, Meta компаниясының бас директоры Марк Цукерберг сейсенбі, 15 сәуірде Вашингтон сотына қатысқан. Сол сотта Цукербергтің монополияға қарсы бақылаудың күшеюіне байланысты 2018 жылы фотосуреттерді бөлісетін танымал Instagram қолданбасын бөлек компанияға айналдыру мәселесін қарастырғаны айтылады.
Алайда Цукерберг Instagram-ды Meta құрамында қалдырған. Десе де, сол 2018 жылдары компания иесі Instagram мен WhatsApp-ты алдағы 5-10 жылда бөлектеп алу мәселесі күн тәртібіне шығатынын айтқан.
«Көптеген компаниялар бөлшектеуге қарсы болғанымен, көптеген компаниялардың бөлінгеннен кейін жақсырақ жұмыс істей бастағанын көруге болады», – деп мәлімдеген Instagram басшысы.
Айта кетсек, қазір АҚШ-та Цукербергтің үстінен сот жүріп жатыр. Американың монополияға қарсы қызметі Meta басшысынан Instagram мен WhatsApp-ты талап етіп жатыр. Meta компаниясы Instagram-ды 2012 жылы, WhatsApp мессенджерін 2014 жылы сатып алған.