Google Gemini қолданушыларға енді 8 секундтық видео әзірлеп бере алады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Google Gemini
Google Gemini Advanced қолданушылары Veo 2 видео генераторының көмегімен 8 секундтық бейнероликтер әзірлей алады / Фото: коллаж kursiv.media; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Google Gemini нейрондық желісі қолданушылар үшін әлеуметтік желілерге бірден жүктеп салуға болатын 8 секундтық бейнелерді жасап береді.

Нейрожелісінің бұл қызметін іске қосу үшін Google Gemini Advanced пакетін сатып алу керек. Осы арқылы функциялар көмегімен Veo 2 видео генераторын іске қосуға мүмкіндік беріледі.

Жасанды интеллект мәтіндік сипаттамалар негізінде видео әзірлеп бере алады. Видео форматы 720 пиксельден тұрады және ұзақтығы 8 секунд. Бұл видеоларды қолданушылар бірден әлеуметтік желідегі парақшаларына жүктей алады.

Google Veo 2 көмегімен жасалатын видеолоарға шектеу қояды. Пайдаланушыларға компания лимит аяқталар уақытта хабарлама жіберіп отырады. Сондай-ақ Veo 2 көмегімен MP4 форматындағы видеоларды да жасап бере алатыны жазылған.

Айта кетейік, осыған дейін ЖИ көмегімен трендке айналған GHIBLI стиліндегі суретті жасау жолы туралы түсіндіріп жазған болатынбыз.

Сондай-ақ оқыңыз