
Бүркіт есімімен танылған әнші Айбек Сейітов ретро көлік сатып алғалы жатыр. Бұл көлікті ол қазір Шымкент қаласында таңдап алған.
Бүркіт желідегі парақшасында «Сатып алсам ба деп тұрмын» деп, жүріп келе жатқан көне көлікті көрсетті.
«Алғың келмей қалады»
Кейбіреулер әншіге көлікті сатып алуға шақырып жатыр. «Алматыда от болып жүресіз», – деп кеңес бергендер де бар. Бірақ әншіні райынан қайтарып жатқандар да аз емес.
«Қолдан құрастырылған. Шұрыптары, басқасы бәрі жаңадан жасалған. Қалай жинағанын көрсең, сатып алғың келмей қалады. Қайта сата алмайсың. Бұл сән болудан қалған», – деп, Айдар Жансейітов ретро көлік сатып алудан бас тартуға үгіттеді.
Көліктің маркасы қандай?
Көлік ақ және қоңыр-қызыл түске боялған. Маркасы – Москвич. Бұл автокөліктер Кеңес дәуірінде 1947-1953 жылдары шығарылған. Жүріп тұр. Көлік зауыттан жаңа шыққандай жарқырайды. Жақында боялғаны байқалады.
Бүгінде кинодан ғана көріп жүрген ретро көліктер қашан да көздің жауын алатыны құпия емес. Сондықтан Бүркіттің қызығуына таңғалудың еш реті жоқ.
Ретро көліктің үлгілері
Бұл «Москвичтердің» төрт түрлі үлгісі бар. Алғашқысы нұсқасы 1947-1953 жылдары өндіріске қойылған. Ал 1949-1953 жылдары Москвич 400-420А үлгісі шықты. Онымен қатар, 1949 – 1956 жылдары Москвич 400-422 шығарылыпты. 1954 – 1956 жылдар аралығында Москвич 401 жаңартылған нұсқасы шыққан.
1958 жылдан 1965 жылдары Москвичтердің бірнеше үлгісі болды. Олар –
Москвич 430, 411, 403, 424, 432 үлгілері көз қуантқан еді.
Мұның алдында Қонаев атындағы халықаралық қор өкілдері Дінмұхамед Қонаев мінген автокөліктің Кеңес Рақышевтың жеке коллекциясына өтіп кеткенін хабарлады.