Оқу-ағарту министрлігі маңызды ақпаратты жария етті

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Оқу-ағарту министрлігі әрт баланың құқығы үшін жаңа ережені бекіткен/фото: chatgpt.com
Оқу-ағарту министрлігі әр баланың құқығы үшін жаңа ережені бекіткен/фото: chatgpt.com

Оқу-ағарту министрлігі маңызды ақпаратты жария етті. Бұл – баламен қарым-қатынас мәселесіне қатысты.

Министрліктің ақпаратына қарағанда, елімізде баламен қарым-қатынас мәселелері бойынша дауларды шешудің бірыңғай тәртібі енгізілді.

Барлық өңірге ортақ ереже

Бұл ереже 2025 жылғы 13 сәуірден қолданысқа енген. Бұған дейін бұл мәселелерді қорғаншылық органдары қарап келген. Әр аймақта әртүрлі тәсіл қолданылған еді. ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен ортақ тәртіп барлық өңірде бірдей жүзеге асырылмақ.

«Ата-анаға немесе жақын туыстарына – атасына, әжесіне, ағасына немесе әпкесіне баламен қарым-қатынас жасауға шектеу қойылған жағдайда, баланың тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органына өтініш бере алады», – делінген министрліктің ақпаратында.

Өте күрделі мәселе

Ол үшін бірнеше құжат өтінішке қоса тіркелуі қажет. Олар – жеке куәліктің көшірмесі, наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден анықтамалар, соттылығының жоқтығы туралы анықтама, мекенжайын растайтын құжат.

Бұл тізбені Оқу-ағарту министрлігі әр баланың құқығы үшін бекітіп отыр.

«Бұл – күрделі әрі сезімтал мәселе. Біз алғаш рет мұны шешудің бірыңғай тәртібін енгізіп отырмыз. Бұл – баланың құқығы мен мүддесін қорғауға, оның жақындарымен байланысын үзбеуге бағытталған нақты қадам», – деді Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Бала пікірі ескеріледі

Қорғаншылық органы енді өтінішті 15 жұмыс күні ішінде қарауы тиіс. Осы уақыт ішінде мамандар екі тараппен әңгілесіп, жеке сөйлеседі. Қажет деп тапса,  тұрмыстық жағдайын зерделей алады. Егер бала 10 жасқа толған болса, оның да пікірі ескерілуі қажет.

Оқу-ағарту министрлігі маңызды ақпарат ретінде жария етіп отыр.

Мұның алдында мектеп жанындағы лагерлерде кімдер жұмыс істей алатыны жөнінде жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз