OpenAI өзінің әлеуметтік желісін жасап шығармақшы

Жарияланды 16 Сәуір 2025 10:22

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
Фото: коллаж KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

OpenAI Х үлгісі бойынша (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісін жасап жатыр. Бұл туралы жобамен таныс бірнеше дереккөзге сілтеме жасап The Verge жазады.

Әзірге жоба бастапқы кезеңде. Сурет генерациясы төңірегінде шоғырланған ішкі лентаның құрылымын сынақтан өткізіп жатыр. Дереккөздердің айтуынша, OpenAI бас директоры Сэм Альтманның жеке өзі жоба туралы сарапшылардың пікірін сұрап жүр.

OpenAI бұл әлеуметтік желіні жеке қосымша ретінде ұсына ма әлде ChatGPT-ге біріктіре ме – ол жағы белгісіз. Өткен айда ChatGPT әлемдегі ең көп жүктелген қосымша атанған еді.

Сарапшылардың сөзінше, жаңа желінің іске қосылуы Альтман мен Илон Маск арасындағы текетіресті одан әрі ушықтыруы мүмкін. Ақпанда Маск OpenAI-ды 97,4 млрд долларға сатып алуды ұсынған.

Жоқ, рахмет. Бірақ қаласаңыз, біз Twitter-ді 9,74 млрд долларға сатып ала аламыз», – деген еді оған Альтман.

Илон Масктың өзі Twitter-ді 2022 жылы 44 млрд долларға сатып алып, атауын Х деп өзгерткен еді.

OpenAI-дың бұл қадамы Meta-мен де тікелей бәсекелестікке итермелейді. Кейбір дереккөздердің айтуынша, Meta да өз AI-ассистентіне әлеуметтік лента енгізуді жоспарлап отыр.

Осы жылы OpenAI басшылығы ChatGPT-дің саясатын өзгертіп, компанияны барынша нейтралды етпекші екенін мәлімдеген. Енді жаңа нұсқада ChatGPT-де редакторлық позиция болмайды. Даулы тақырыптар бойынша әртүрлі көзқарастарды ұсынып, бір жақтың ұстанымын жақтамауы қажет.

Өткен айда  OpenAI компаниясы 40 млрд доллар көлемінде қаржы тартып, тарихындағы ең ірі раундты жапты.  2029 жылы OpenAI табысы 125 млрд доллардан асады деп болжанып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз