Электромобиль мен гибрид көліктердің саудасы қызып тұр. Қай елде сұраныс жоғары

Жарияланды 16 Сәуір 2025 11:47

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General News бөлімінің аға тілшісі a.serikkhan@kursiv.media
Электромобиль өндірісі: шығын ба, пайда ма? / REUTERS, бильд-редактор: Милош Муратовский
Қытайда электромобиль мен гибрид көлікке сұраныс жоғары /Фото: kursiv.media архиві

Наурыз айында әлем бойынша 1,7 млн электромобиль мен гибрид көліктер сатылды.  Rho Motion мәліметінше бұл ақпанмен салыстырғанда 40 %-ға, ал былтырғы наурыздағы көрсеткіштен 29%-ға артық. 

Электромобиль мен гибрид қай елдерде көп сатылды

Kolesa.kz мәліметінше, электрокардың жалпы тоқсандық саудасы 4.1 миллионға жетті. Мұндай көліктерді Қытай халқы көп сатып алған.  Бұл елде жалпы 2,4 млн электрокар сатылған.

Екінші орында Еуропа елдері. 0,9 млн автокөлік саудаға түсіп, өсім 22%-ды құрады. Оның ішінде таза электромобильге сұраныс 27%-ға дейін өскен.  Әсіресе Италия елінде (+64 %) электрокарларға деген сұраныс жоғары. Германияға (+37 %) тиесілі, Ұлыбритания дилерлері алғаш рет 100 мың экземплярдың кілтін табыстапты. Ал Францияда керісінше жалпы сауда 18 % төмендеп, гибрид алатындар 47 %-ға азайған. Оған елдегі субсидиялардың алынып тасталуы себеп болып отыр.

АҚШ-та да электрокар саудасы қызып тұр, жарты млн көлік өз иесін тапты.  Сарапшылар Ақ үй қабылдаған саяси шешімдер электрокар нарығының дамуын айтарлықтай тежеуі мүмкін деген болжам айтады.  АҚШ-та электромобильдердің шамамен 40 %-ы шетелден кіреді және оларға енді 25 % салық салынады. Tesla-ға сұраныс 8.6 % азайғанына қарамастан, ел ішінде ең көп сұранысқа ие, одан кейінгі орында Ford және Chevrolet тұр.

Айта кетейік, өткен жылы электромобиль шығаратын компаниялардың ішінде тек төрт модель ғана табысқа қол жеткізді. Атап айтқанда, Tesla, BYD, Li Auto, Seres Group (Aito бренді).

Сондай-ақ оқыңыз