
Талдықорғанда Шерзат Полаттың қазасына қатысты қылмыстық іс сотта қаралып жатыр. Сот процесі 18 сәуір сағат 10:00-де жалғасады, деп хабарлайды KursivMedia.
17 сәуірде мемлекеттік айыптаушы айыптау актісін оқыды. Іс бойынша 9 сотталушы бар.
Істі қарау барысында алдымен жәбірленуші тараптан, содан кейін куәгерлер, сотталушылардан жауап алынады.
Істі судья Ержан Жанұзақов қарап жатыр. Мемлекеттік айыптаушылар – Дана Сәрсенбай мен Ержан Құрақбаев.
Айыпталушылар қатарында 9 адам бар
Айта кетейік, қылмыстық іс бойынша сотталушылар қатарында 9 адам бар. Олар:
Абзал Шынасыл;
Равиль Сакиев;
Шыңғыс Белғожаев;
Дархан Әскентай;
Нұрбол Тоқтаубаев;
Азамат Тоқтаубаев;
Нұрқияс Ілиясов;
Дидар Қалиахмет;
Думан Ысқақ.
Толығырақ мына жерден оқуға болады.