Шерзат Полат ісі: басты сот талқылауы жалғасып жатыр (ВИДЕО)

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
Шерзат Полат ісінде басты сот талқылауы жалғасып жатыр
Шерзат Полат ісінде басты сот талқылауы жалғасып жатыр/фото kursiv.media

Талдықорғанда жасөспірім Шерзат Полаттың қазасы бойынша басты сот талқылауы жалғасып жатыр. 17 сәуірдегі сот отырысын Жоғарғы соттың YouTube арнасынан көруге болады. Сондай-ақ KursivMedia мәтін түрінде трансляция жүргізеді.

2025 жылдың 17 сәуіріндегі судья үзіліс жариялағанға дейінгі сот отырысын мына жерден көруге болады.

Істі судья Ержан Жанұзақов қарап жатыр. Мемлекеттік айыптаушылар – Дана Сәрсенбай мен Ержан Құрақбаев.

Судья істі әрі қарай жәбірленуші Жұмабике Қадырованың (марқұм Шерзат Полаттың әжесі) қатысуынсыз қарай береді. Тараптар оған қарсылық білдірмеді.

Прокурор Дана Сәрсенбай айыптау актісін әрі қарай оқып жатыр. Айыптау актісінің мәнін мына жерден оқуға болады.

Айыптау актісіне сәйкес, Абзал Шынасыл бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып, пышақты қолданумен, сол сияқты барынша арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз әрекет жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзушылық іс-әрекеттерін жасаған. Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігінде (бұзақылық) көрсетілген қылмысты жасаған.

Сонымен қатар Абзал Шынасыл адам өлтіру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату, аса қатыгездікпен бұзақылық ниетпен көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасаған. Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5,9 және 14-тармағында көрсетілген қылмысты жасаған. Сонымен қатар Шынасыл адам өлтіруге оқталу, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшыратуға оқталу, екі немесе одан да көп адамды бұзақылық ниетпен адамдар тобы болып жасаған. Яғни, қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігі 1,7 және 9-тармағында көрсетілген қылмысты жасаған.

Равиль Сакиев бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып, пышақты қолданумен, сол сияқты барынша арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз әрекеттер жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзушылық іс-әрекеттерін жасаған. Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасаған. Сонымен қатар Равиль Сакиев адам өлтіруге оқталу, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшыратуға оқталу, бұзақылық ниетпен адамдар тобы болып жасаған. Яғни, қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігі 7 және 9-тармағында көрсетілген қылмысты жасаған.

Шыңғыс Белғожаев бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып, пышақтарды және өзге де денсаулыққа зиян келтіру үшін арнайы лайықталған басқа да заттарды қолдану, сол сияқты барынша арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз әрекет жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзушылық іс-әрекеттер жасаған. Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасаған.

Дархан Әскентай бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып, пышақтарды және өзге де денсаулыққа зиян келтіру үшін арнайы лайықталған басқа да заттарды қолдану, сол сияқты барынша арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз әрекет жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзушылық іс-әрекеттерін жасаған. Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасаған.

Нұрқияс Ілиясов бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып, пышақтарды және өзге де денсаулыққа зиян келтіру үшін арнайы лайықталған басқа да заттарды қолдану, сол сияқты барынша арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз әрекет жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзушылық іс-әрекеттер жасаған. Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасаған.

Нұрбол Тоқтаубаев бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып, пышақтарды және өзге де денсаулыққа зиян келтіру үшін арнайы лайықталған басқа да заттарды қолдану арқылы, сол сияқты барынша арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз әрекет жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзушылық іс-әрекеттер жасаған. Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасаған.

Дидар Қалиахмет бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып, пышақтарды және өзге де денсаулыққа зиян келтіру үшін арнайы лайықталған басқа да заттарды қолдану арқылы, сол сияқты барынша арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз әрекеттер жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзушылық іс-әрекеттер жасаған. Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасаған.

Азамат Тоқтаубаев бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып, пышақтарды және өзге де денсаулыққа зиян келтіру үшін арнайы лайықталған басқа да заттарды қолдану арқылы, сол сияқты барынша арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз әрекеттер жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзушылық іс-әрекеттер жасаған. Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасаған. Одан басқа Азамат Тоқтаубаев ұрлық, бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру, яғни қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасаған.

«Сағат 01:02-01:04 арасында Шынасыл Нұрқанат Ғайыпбаевқа өзімен бірге алып келген ас пышағын бір рет сұғып алған. Сол сәтте Сакиев тергеу барысында анықталмаған пышақты Ғайыпбаевтың жамбасына екі рет сұғып алған. Салдарынан Ғайыпбаев есінен танып, қозғалыссыз жатқан. Мұны көрген Шынасыл мен Сакиев Ғайыпбаевты қазаға ұшыратқандарына көздері жетіп, көлікке мініп, оқиға орнынан кетіп қалған.

01:02-01:04 Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Азамат Тоқтаубаев, Ілиясов, Белғожаев, Сакиев, Шынасыл, Қалиахмет Ғайыпбаевты ұрып жатқан кезде оның қалтасынан ұялы телефоны жерге түсіп қалған. Осы уақытта Азамат Тоқтаубаев ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында, пайдакүнемдік ниетпен қараңғы уақытта және топ адам арасында өзінің әрекетін ешкім байқамай қалатынына көзі жетіп, Ғайыпбаевтың ес-түссіз жатқанын пайдаланып, құны 220 мың теңге тұратын ұялы телефонын жасырын жымқырған», – деді прокурор Дана Сәрсенбай.

Думан Ысқақ қылмысты жасыру, яғни жасалғаны анық белгілі аса ауыр қылмыс туралы хабарламаған. ҚР қылмыстық кодексінің 434-бабында көрсетілген қылмысты жасаған деп айыпталып отыр.

Айта кетейік, қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы 2025 жылдың 10 сәуірінде өтті.

Сондай-ақ оқыңыз