Жаңалықтар

Шерзат Полат ісіндегі сотталушылар тағылған айыпты мойындамады

Шерзат
Шерзат ісінде айыпталушылар кінәсін мойындамады/фото: Жоғарғы сот

Талдықорғанда Шерзат Полаттың ісі бойынша басты сот талқылау басталды. Айыптау актісі оқылғаннан кейін, судья сотталушылардан тағылған айыпқа қатысты пікірін сұрады деп хабарлайды KursivMedia.

Абзал Шынасыл өзіне тағылған айыпты жартылай мойындады.

«Шерзат Полатқа пышақ сұққан мен емеспін. Ғайыпбаевқа қатысты тұсын мойындаймын. Толық көлемде мойындамаймын», – деді айыпталушы Шынасыл.

Шыңғыс Белғожаев өзіне тағылған айыпты мойындады.

«Айыптау актісінде арасында көрсетілген кей әрекетті мойындамаймын. Пышақтың сабымен ұрған жоқпын», – деді ол.

Дархан Әскентай, Нұрқияс Ілиясов, Дидар Қалиахмет, Думан Ысқақ кінәні мойындамайтынын айтты.

Азамат Тоқтаубаев айыпты жартылай мойындайтынын айтты.

«Қылмыс болған жерде болдым, бірақ қолымда пышақ болған жоқ. Қылмыстық кодекстің 188-бабын маған іліп қойыпты. Оны мойындамаймын. Телефонды ұрлау мақсатында алмадым», – деді Тоқтаубаев.

Нұрбол Тоқтаубаев айыпты жартылай мойындады.

«Қолыма қару ұстаған жоқпын, Шерзат Полатқа қолымның ұшы тиген жоқ. Нұрқанат Қайыпбаевты тепкенімді мойындаймын», – деді ол.

Айта кетейік, істі судья Ержан Жанұзақов қарап жатыр. Мемлекеттік айыптаушылар – Дана Сәрсенбай мен Ержан Құрақбаев. Айыпталушылар қатарында 9 адам бар.