
Алматыда Moskva сауда ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат түскен.
Орталық әкімшілігі дереу қонақтар мен қызметкерлерді эвакуациялап, оқиға орнына полиция мен төтенше жағдайлар қызметкерлері келген.
«Сауда орталығына жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарлама келіп түсті.
Қалалық төтенше жағдайлар қызметі қазіргі уақытта нысанда тексеру жұмыстарын жүргізуде. Жедел бөлімшелер жасырын телефон шалушыны анықтауда, ол жауапқа тартылатын болады», – деп хабарланды Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің алғашқы ақпаратында.
Кейінірек полиция демартаменті тексеру жұмыстары ақпарат жалған болып шыққанын көрсеткенін мәлімдеді.
Ал сауда орталығының әкімшілігі орталық штаттық режимге оралғанын жеткізді.
Бұған дейін, FlyArystan рейсінде бортсерікті ұрып, «ұшақта бомба бар» деп үрей туғызған жолаушы 3 жылға бас бостандығынан айырылған.