АҚШ-та ұшақ қозғалтқышына қоян кіріп кетіп, апат бола жаздады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
АҚШ-та ұшақ қозғалтқышына қоян кіріп кетіп, апат бола жаздады/АВС
АҚШ-та ұшақ қозғалтқышына қоян кіріп кетіп, апат бола жаздады/АВС

АҚШ-тың Денвер қаласынан Канаданың Эдмонтон қаласына ұшып шыққан United Airlines әуе компаниясына тиесілі ұшақ қозғалтқышында от шығып, ұшақ әуежайға оралуға мәжбүр болған.

ABC телеарнасының хабарлауынша, бұл туралы пилоттар мен диспетчерлер арасындағы әңгіме жазылған LiveATC жазбасында айтылған.

Ақпаратқа сәйкес, ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін, бір қозғалтқышынан от шығып, өрт басталған. Оған қозғалтқыш бөлігіне қоян кіріп кеткені себеп болуы мүмкін екені айтылды. Ұшақ бортында 153 жолаушы және 6 экипаж мүшесі болған. Олар Денверге аман-есен оралған соң эвакуацияланған.

Куәгерлердің айтуынша, өрт ұшақ биіктікке көтеріле бастаған сәтте байқалған. Экипаж жедел шешім қабылдап, бірнеше минут ішінде ұшақты бастапқы әуежайға қондырған. Жолаушылар кейінірек Канадаға басқа рейспен жеткізілген.

АҚШ-тың Азаматтық авиация федералды басқармасының (FAA) мәліметінше, 2024 жылы ұшақ мен жануар соқтығысуына байланысты шамамен 20 мың оқиға тіркелген, бірақ олардың тек төртеуі ғана қоянға қатысты болған.

Сондай-ақ оқыңыз