«Қашағандағы» газ өңдеу зауытын іске қосу мерзімі тағы да кейінге шегерілді

«Қашаған» кен орнында салынып жатқан газ өңдеу зауытының құрылысы 2026 жылдың соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі. Зауыт жылына 1 млрд теңге метр газ өңдеуі тиіс. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Бекітілген кестеге сәйкес, ГПЗ құрылысының аяқталуы мен пайдалануға берілуі 2026 жылдың соңына жоспарланған. Жалпы жұмыстар жоспарға сай жүріп жатыр, алайда бірқатар технологиялық нысандар бойынша белгілі бір қиындықтар туындады. Осыған байланысты бас мердігер мерзімді оңтайландыру жоспарын әзірлеп, оны іске асыра бастады», – делінген хабарламада.
Қазіргі кезде құрылыс алаңында шамамен 1300 маман еңбек етуде, оның 900-і тікелей технологиялық нысандарда жұмыс істеп жатыр.
2024 жылғы тамызда «GPC Investment» ЖШС-ның (ГӨЗ құрылысын жүзеге асырып жатқан компания) басшысы Берік Әбішев Қашаған ГӨЗ 2026 жылдың ортасында іске қосылатынын хабарлаған болатын. Ал бастапқы жоспар бойынша зауыт 2025 жылы аяқталуы тиіс еді.
Жыл басында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зауыт құрылысы кешігіп жатқаныны сынға алып, кәсіпорын құрылысын уақтылы аяқтауды тапсырған.
Қазақстан үкіметі алдағы жылдары елде 4 ірі газ өңдеу зауыты салуға ниетті. Қашағанда екі зауыт, Қарашығанақ пен Жаңаөзенде екі зауыт құрылысы жүргізіліп жатыр.
Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярдың айтуынша, Қашағандағы екінші зауытты пайдалануға беру 2030 жылға жоспарланған.