Алматыда 100-ден астам сауда орны жабылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Фото: shutterstock, бильд-редактор: Артур Алескеров

Алматыдағы «барахолка» маңында 100-ден астам заңсыз сауда нүктесі жабылды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Рейдтер қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасына сәйкес, «Алматы – біздің ортақ үйіміз» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. Тексеру «Алатау», «Сәлем», «Байсат» және «Ялян» базарларының маңында жүргізілді.

«Аталған аумақтарда азаматтар рұқсатсыз, санитарлық талаптарға сай келмейтін жағдайда көкөніс, жеміс-жидек, сүт өнімдері және басқа да тауарларды сатып отырған. Бұл сауда нүктелерінің ешқайсысында тиісті құжаттар болмаған», – делінген әкімдік хабарламада.

15 сәуір күні ғана 140-тан астам заңсыз сауда орны анықталып, жабылған. Әкімдік өкілдері мұндай жұмыстар сәуір айының соңына дейін жалғасатынын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы әкімдігі қаладағы «Қалқаман» метро бекетінің құрылысы қашан аяқталатынын мәлімдеген еді.

Сондай-ақ оқыңыз