Димаш Құдайбергеннің концерті кинотеатрларда көрсетіледі

Жарияланды 17 Сәуір 2025 15:06

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Димаш Құдайберген концерті кинотеатрларда көрсетіледі / фото: Dimashnews.com

Димаш Құдайберген Stranger концертін кинотеатрлардан көрсетпек. Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жариялады.

27 мамыр күні Қазақстанның барлық кинотеатрларында STRANGER атты жеке концертінің премьерасы өтпек. Бұл музыкалық шоу көрермендерге бұрын-соңды болмаған әсер сыйлайтын тың форматта ұсынылады.

Димаш бұл премьераны өзі де жанкүйерлермен бірге тамашаламақ. Оған қоса, 26 мамыр күні Алматыдағы Almaty Arena стадионында жанкүйерлерімен арнайы фан-кездесу ұйымдастырылады. Бұл шара 2024 жылдың 13–14 қыркүйегінде Астанада өткен ауқымды стадиондық концерттің көрсетіліміне арналған.

«Құрметті достар! 27 мамырда Қазақстанның барлық кинотеатрларында STRANGER жеке концертімнің премьерасы өтеді! Бұл күні мен де сіздермен бірге тамашалаймын! Жақында Алматыда кездескенше, Dears!» деп жазды Димаш.

Музыкалық фильм форматындағы концертте Димаштың стадион күмбезінен көрініс беру сәтінен бастап, таңғажайып файер-шоу, аспанда қалықтау өнері, заманауи хореография элементтері көрерменді бірден баурап алады. Үлкен экран мен көлемді дыбыс арқылы шоу атмосферасына толық енуге мүмкіндік бар. Көрермендер Димаштың әлемге әйгілі хиттерін ғана емес, жаңа шығармаларын да тыңдай алады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген «кетчуп пен нан» деп әнін мазақ қылғандарға жауап берген еді.

Сондай-ақ оқыңыз