Жаңалықтар

2025 жылы мектеп бітірушілер қандай емтихан тапсырады

2025 жылы мектеп бітірушілер қандай емтихан тапсырады / Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, 2025 жылы жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алушылар қорытынды аттестаттау шеңберінде келесі емтихандарды тапсырады:

9 (10) сынып оқушылары үшін:

1. Математика (алгебра) – жазбаша емтихaн
2. Қазақ тілі/орыс тілі немесе ана тілі (ұйғыр, өзбек, тәжік тілінде оқытатын мектептерде) – эссе түрінде жазбаша жұмыс
3. Таңдау пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шет тілі, информатика) – жазбаша емтихан
4. Қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілі мен әдебиеті (оқыту тіліне байланысты) – жазбаша емтихaн

11 (12) сынып оқушылары үшін:

1. Қазақстан тарихы – ауызша емтихaн
2. Алгебра және анализ бастамалары – жазбаша емтихан
3. Қазақ тілі/орыс тілі немесе ана тілі (ұйғыр, өзбек, тәжік тілінде оқытатын мектептерде) – жазбаша емтихан
4. Таңдау пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет, шет тілі, информатика) – жазбаша емтихан
5. Қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілі мен әдебиеті (оқыту тіліне байланысты) – жазбаша емтихaн

Бұл емтихандар мектеп бітіру аттестатын алу үшін міндетті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Құрбан айтқа байланысты мектеп оқушыларыны емтихан тапсыру уақыты өзгеретінін жазған едік. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше алғашқы емтихандар 29 мамыр күні басталып, 16 маусымға дейін жалғасады.