
Қазақстан Халқы ассамблеясы төрағасының орынбасарлары қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Мемлекет басшысының өкімдерімен Расул Сурмалиевич Ахметов және Дмитрий Валерьевич Останькович Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды», – делінген Ақорда хабарламасында.
Ал бұған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары лауазымында болған Лугмар Харкиевич Буларов және Юрий Германович Шин Тоқаевтың өкімімен қызметтерінен босатылған.