450 адамға 5 млрд теңге несие рәсімдеген қылмыстық топ өкілдері ұсталды

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің редакторы
мошенники
Бас прокуратура 450 азаматтың атына заңсыз несие рәсімдеген қылмыстық топты құрықтады / shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

Ақмола облысының прокурорлары 450 адамға заңсыз несие рәсімдеген ұлттық қылмыстық топ мүшелерін анықтады. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

2024 жылдың сәуір айында прокурорлар белгісіз тұлғалардың әлеуметтік осал топтарға жататын Зеренді ауданының тұрғындарының атына ақшалай несие рәсімдеу жағдайларын анықтаған. Бұдан кейін аудан прокурорының бастамасымен жедел іздестіру шаралары басталып кеткен.

Ал 2024 жылдың күзінде алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру басталған. Бұл іс Ақмола облысы прокуратурасының Арнайы прокурорларына тапсырылған.

Арнайы прокурорлар сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп, нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топты анықтаған. Топ мүшелері алдау жолымен екінші деңгейлі банктерден қаражат жымқырумен айналысқан.  

Топ мүшелері нақты бір схемамен жұмыс істеген. Әрбір қатысушының өз рөлі болған. Оалрға атқаруы тиіс міндеттер бөлініп беріліп отырған. Олар осындай қылмыстық әрекетінің нәтижесінде 450 тұлғаға қатысты 5 млрд теңге шамасында заңсыз несие рәсімдеген.  

«Осы орайда еліміздің бірнеше облыстарының тұрғындары алаяқтардың құрбанына айналған.  Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша 24 тұлға күдікті деп танылып, оның 15-і соттың санкциясымен қамаққа алынды», – делінген баспасөз хабарламасында.

Тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз